Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы ойындарын "Астана Арена" алаңында өткізеді

24.04.2024, 17:36

Астана қаласының бас стадионына осыған дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Осы күзде біздің басты команда УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы кездесулерін бастамақ. Қазақстан өнер көрсететін В Лигасынның үшінші тобында тағы Аустрия, Норвегия және Словения құрамалары бар. Айта кетейік, біздің жігіттер УЕФА Ұлттар лигасындағы С лигасындағы өз тобының жеңімпазы атанды. Сөйтіп, турнирде бір саты жоғарылап, енді В Лигасында бақ сынап көрмек.