Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасын қапы қалдырған Фарерлік енді “Қызылжар” сапында – Йоаннес Бьярталид Петропавлдықтардың жаңа көшбасшысы ма?

Бүгін, 06:56

Петропавлдық “Қызылжар” клубы Фарер аралдарынан алғашқы легионерді қатарға қосты. “Қызылжар” бұл ойыншыны не үшін алды, оның қандай артықшылықтары бар? Осыларды Aladop.kz сайты зерттеп, талдап, сіздерге ұсынып отыр.

Жарнама
Жарнама

Йоаннес Бьярталид: “Қызылжардың” жаңа үміті ме, әлде тәуекелі ме?

Йоаннес Бьярталид — заманауи футболда сирек кездесетін адал ойыншылардың бірі. Ол өз мансабында небәрі үш клуб ауыстырған. 

Тұрақтылық пен шеберлік: “Клаксвик” аңызы

Йоаннес өз мансабын Фарер аралдарындағы “КИ Клаксвик” клубында бастап, онда 8 маусым бойы кәсіби деңгейде өнер көрсетті. Ол команданың нағыз символына айналған.

Статистика: 259 матчта 120 гол соғып, 50 нәтижелі пас берді.

Жетістіктері: Үш дүркін ел чемпионы, Кубок пен Суперкубок иегері. Ол бірнеше рет Фарер аралдарының “Үздік ойыншысы” болып танылды. Бұл көрсеткіштер оның тек шабуылшы емес, команданың нағыз қозғалтқышы екенін дәлелдейді.

Норвегиядағы серпіліс және жарақат кедергісі

2023 жылы Бьярталид Норвегияның “Фредрикстад” клубына ауысқанда, оны бүкіл Фарер халқы үлкен құрметпен шығарып салды. Алғашқы маусымында-ақ ол 28 матчта 11 гол салып, командасының жоғары дивизионға (Элитсерия) шығуына тікелей ықпал етті. Ол сол жылы лиганның үздік ойыншысы атанды.

Алайда, соңғы екі жылда жарақаттар оған еркіндік бермеді. Элитсерияда бар болғаны 28 ойын өткізіп, 1 гол мен 6 нәтижелі паспен шектелді. Дегенмен, маңызды сәттерде Йоаннес өзін көрсете білді:

Норвегия Кубогы: 2024 жылы командамен бірге кубокты жеңіп алды. Финалда “Мольдеге” қарсы 120 минут бойы тер төгіп, пенальти сериясында гол соқты.

Еурокубок: Өткен жылы Еуропа лигасында “Мидтьюлланн” қақпасына гол соғып, халықаралық деңгейде де қауіпті екенін тағы бір дәлелдеді.

Қазақстан құрамасына қарсы ойын

“Қызылжар” басшылығы бұл ойыншыға Фарер аралдары мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчтан кейін қатты қызыққан көрінеді. Сол ойында Фарерлер күтпеген жерден Қазақстанды 1:0 есебімен жеңіп кеткен болатын. Жеңіс голы дәл осы Бьярталидтің қанаттан асырған дәл пасынан кейін салынған еді.

Йоаннес Бьярталидтің басты артықшылықтары

Техника мен пастар: Алаңды өте жақсы көреді, кез келген қашықтыққа дәл пас бере алады.

Стандарттар: Ол — командаларында негізгі пенальтисі мен айып соққыларын орындаушысы болған.

Қабілеттілік: Ойын бойы жоғары қарқынмен тер төгіп, қорғанысқа да көмектеседі.

Тәжірибе: Еурокубоктар мен ұлттық құрамада мол тәжірибес жинақтап үлгерген.

“Қызылжардың” жаңа дәуірі

Қазіргі таңда Петропавлдық клуб жекешелендіру сатысында тұр. Клубтың акцияларын белгілі бизнесмен Сергей Кан сатып алуда. Жаңа басшылық алдағы біршама жылға дейін үлкен жоспарлар құрған, нәтиже алдағы  маусымнан бастап қажет. 9-шы орыннан аса алмаған команда үшін Бьярталид сияқты шебер ойыншы — Еурокубоктарға жол тартудың оралудың кілтіндей.

Ойыншының алғашқы сөзі:

“Бұл мен үшін мүлдем жаңа әлем, үйімнен өте алыс. Бірақ мен бұл сынаққа өте қатты қызығып отырмын. Клуб маған үлкен сенім артып отыр, сондықтан сол сенімді ақтап, командаға пайдамды тигізгім келеді.” — деді Йоаннес Бьярталид Фарердің Norðlýsið басылымына.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің біріншілігінде әлемнің 99 түрлі елінен келген ойыншылар өнер көрсеткен еді. Ал, Бұл Фарер аралдары дәл 100-ші болып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров