Магомед Адиевтің құрамасында шабуылшылар ауысты, деп жазады Аладоп.кз.
Ішкі біріншілікте жарақат алған Рамазан Каримовтың орнына құрамға Иван Свиридов шақыртылды.
“Елімай” ойыншысы еліміздің басты командасына Жастар құрамасының қосынынан келді. Ол Константин Горовенко баптайтын Қазақстанның 2025 жылы өтетін Еуропа Чемпионатына дайындығын пысықтап жатқан болатын.
Иван өткен маусымда “Шахтер” үшін ішкі чемпионатта 23 ойында 7 гол соққан болатын. Жаңа маусымнан бастап шабуылшы семейлік “Елімайдың” намысын қорғауда. Аталған ұжым үшін Свиридов екі ойын өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET