Қазақстан ұлттық құрамасын Талғат Байсуфинов жаттықтыра беретін болды. Отандық маман жақын күндері келісімшарт жасап, толыққанды бас бапкерлікке тағайындалмақ.
Бұл туралы «Sports24.kz» мәлімдеген болатын.
Талғат Байсуфинов пен ҚФФ жақын арады ресми түрде келісімшарт жасайтын ұқсайды. Айта кетейік, ол осыған дейін ұлттық құраманы екі рет жаттықтырған. Талғат Маруалы қазанда Қазақстан бас бапкері міндетін уақыт атқарушы ретінде екі матч өткізіп, төрт ұпай жинаған еді. Қараша айында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінде Астанада Бельгиямен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Содан кейін Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізіп, жеңіліс тапты 0:1.
Талғат Байсуфинов бұған дейін Қазақстан құрамасын екі рет басқарған:
– 2016-2017 жылдары,
– 2020-2022 жылдары.
Енді 57 жастағы маман Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының жаңа маусымына дайындайды.
Біздің серіктес: FONBET