Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Алексей Попов ұттық команданың сәтсіздіктерінің себептерімен бөлісті.
«Адиев Қазақстан құрамасында жақсы нәтиже көрсетті. Енді бәрі ұлттық команда күтпеген жерден Еуропа футболының көшбасшысына айналады деп үміттенеді, бірақ бұл олай емес. Қазақстанның тобы өте мықты, сол үшін нәтижелердің бәрінде заңдылық бар. Үйдегі кездесулерде жанкештілікпен ұпай алуға болатын шығар, бірақ сырт алаңда жалғыз жанкештілік жете қоймайды, себебі, қосымша тағы шеберлік те қажет. Черчесов білікті футболшылармен нәтиже беретін бапкер. Оған ойыншылардың толық бағынуы мен темірдей тәртібі керек. Ал Қазақстан секілді командалармен бұлай өнер көрсету мүмкін емес. Соның салдарынан нәтиже де осындай. Мүмкін, өз алаңында ұпай алып қалар», - деді ардагер футболшы.
Айта кетейік, Ұлттар Лигасының үшінші турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриядан 4:0-мен жеңілді. Енді ертең Алматыда Словениямен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET