Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бапкері қызметінен кетті

21.04.2025, 18:00

Александр Кузнецов Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының бас бапкері жұмысын аяқтағанын хабарлады. 

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жариялап, әріптестеріне, футболшыларға, БАҚ пен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Жарнама
Жарнама

“Мен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері қызметімен қош айтысамын. Бұл – елді танытып, көкіректерінде туы, жүректерінде намысы бар жас, амбициялы жігіттермен жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды. Қызметім қысқартылды, бұл туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын.” – деді ол.

Оның жаттықтыруымен, команда бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізген:

– Түркия (1:0), Сербия (2:0), Грекия (2:1), Ресей (1:0), Украина (2:1), Уэльс (3:2) және басқа да құрамаларға қарсы жеңістер.

– 2023 жылы Словения Кубогы мен УЕФА “Даму” турнирінің күміс жүлдесі.

– УЕФА “Даму” және Қазақстан Президенті Кубогындағы чемпиондық титулдар.

– Гранаткин мемориалында екінші орын.

Сондай-ақ, оның кезінде жастар құрамасына шақырылған кейбір ойыншылар кейіннен ұлттық құрамаларға дейін көтерілген.

“Кетіп барамын, бірақ қоштаспаймын”

Сөз соңында Кузнецов Қазақ елінің футболына қызмет етуге әрдайым дайын екенін жеткізді:

“Мен – футбол адамымын. Егер елім менің еңбегімді, тәжірибемді, энергиямды қайта қажет етсе – еш ойланбастан қайта ораламын. Қасымда болған барлық адамға алғыс айтамын. Бұл мен шын жүректен мақтан тұтатын жол болды. Алға, Қазақстан!” – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айболат Өнер

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров