Қазақстан құрамасының бас бапкері: Холандты қалай тоқтатудың шешімін табамыз деп ойлаймын

05.09.2024, 13:47

Бүгін Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов БАҚ өкілдерімен баспасөз-мәслихатын өткізіп, журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Станислав Черчесов

«Магомед Адиевтің жақсы жұмыс істеп кеткені түсінікті. Бірақ құрамаға қатысты ешқандай кеңес айтқан жоқ. Бұл жерде ақыл-кеңес емес, ақпарат деген дұрысырақ болады. Адиев маған негізінен құрама команда жайлы ақпараттар берді. Ал Холанд жайлы айтатын болсақ, ол әрине жақсы футболшы. Бірақ Норвегия құрамасында басқа позицияда Холандтан кем емес тағы басқа да ойыншылар бар. Бүгін өзіміздің жігіттермен сөйлесіп, дайындық жүргіземіз. Холандты қалай тоқтатудың шешімін табамыз деп ойлаймын», - деген болатын Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Айта кетейік, ертең Қазақстан ұлттық құрама командасы Ұлттар Лигасында Норвегиямен жолығады. Ал үш күннен кейін бізідң команда сырт алаңда Словениямен ойнайды.