Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бұрыңғы ойыншысының ұлы Ресей сапында дебют жасады

07.09.2025, 15:10

Қазақстан футзал құрамасының бұрынғы ойыншысы Артём Глебовтың ұлы Кирилл Глебов Ресей ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін өткізді. Ол Иорданияға қарсы өткен жолдастық матчта (0:0) алаңға шықты.

Жарнама
Жарнама

Артём Глебов бұл жағдайды күтпегенін айтады:

"Мен ешқашан Кириллдің Ресей құрамасында ойнайтынын елестеткен емеспін. Ұлымды футболшы ету менің мақсатым болған жоқ. Бәрі табиғи жолмен дамыды да, ұлттық құрамадағы дебютке алып келді. Оған ешқашан қысым көрсеткен жоқпын, кәсіби футболшы болуға мәжбүрлемедім." – деді ол.

Кирилл 14 жасында "ЦСКА” жүйесіне қабылданып, футбол әлемімен жақын танысты. Жасөспірім үшін бұл жаңа әрі қызықты орта болды. Сол кезде ешкім оның Ресей құрамасына дейін жетеді деп ойлаған жоқ.

"Кириллдің алға қойған мақсаты болды және ол соған жетті. Футбол оның сүйікті ісіне айналды, бірақ дәл осы сүйіспеншілік оны қайда апаратынын ол да елестете алған жоқ.” – деп қосты Артём Глебов.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров