Ресей Премьер лигасының 7-турында "Крылья Советов" қонақта "Локомотивпен" кездесті.
Алғашқы таймда алаң иелері екі гол соқты, 3-минутта Дмитрий Воробьёв, 44-минутта Дмитрий Баринов допты қақпаға еңгізді.
53-минутта Амар Рахманович қонақтардың алғашқы голын соқты.
Негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалғанда Николай Комличенко үшінші гол соққанымен, ол есепке алынбады.
Ал қосылған жетінші минутта "Локомотив” қақпасына пенальти белгіленіп, Вадим Раков оны сәтті орындады. Есеп 2:2.
Самаралық клубосы матчтан кейін 9 ұпай жинап, турнирлік кестеде 8-орында тұр.
Еске сала кетейік, "Крылья Советовты” Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырады.
Біздің серіктес: FONBET