Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы: Әліпке «Зениттен» кету керек

15.05.2024, 12:19

Қазақстан Ұлттық құрама командасының экс-ойыншысы Алексей Мулдаров РПЛ-де доп тебетін Нұралы Әліп туралы айтты

Нұралы Әліп "Зенит" сапында
Жарнама
Жарнама

«Нұралы жайлы былай айтайын: оған РПЛ-дің басқа командасына ауысу керек. Бұл, сөзсіз. Санкт-Петерборлық клубта Нұралы Әліп дамымайды. «Зенит» - бразилиялық команда. Ал Нұралы Әліп ойнауы керек! Балаға обал», - депті кезінде «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен футболшы.

Айта кетейік, Нұралы Әліп «Зенитке» 2022-ші жылы «Қайраттың» қатарынан ауысып барған. Осы маусымда қазақстандық футболшы питерлік командада барлық турнирде 24 ойынға қатысты. Нұралы Әліп пен "Зениттің" келісімшарты 2025-жылдың 30-маусымына дейін.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров