Ұлттық команда мен ҚПЛ-дің бірнеше клубында қақпашы болған Алмат Бекбаев мансабы мен қазақстандық футболшылардың жалақысы жайлы пікірімен бөлісті.
«Ең жоғары жалақы 18 мың АҚШ доллары болды. Бірақ ондай табысқа жету үшін сен тозақтың бүкіл шеңберінен өтуің керек. Бастапқыда күніне 200, сосын айына 4 мың теңге таптым. Кейін ақырындап өсе берді, 7 мың, 27 мың, 70 мыңға дейін алатын болдым. Бұл үлкен еңбек. Қазір көпшілік Асхат Тағыбергенді, айына 18-20 миллион табатын басқа да футболшыларды талқылап жүр. Мен оларды өте жақсы түсінемін, мұндай табысқа еңбегімен жетті, бірақ ондай ойыншылар өте аз. Асхаттың жолы маған жақсы таныс, ол да қызылордалық, ол да дубльден, көптеген дайындықтан өткен. Поезбен, автобуспен талай рет жолдың машақатын көріп, қысқасы небір азап шегіп барып Қазақстан құрамасының көшбасшысына айналды», - деді А. Бекбаев.
Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген жалақысына байланысты дауға байланысты «Ордабасыдан» кетуге мәжбүр болған еді. Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков көпшілікке жартылай қорғаушының айлық табысын жария етіп (20 млн теңге) наразылық тудырды.
Біздің серіктес: FONBET