Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы капитаны Геворг Наджарян кәсіби футболдан кететінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Арменияда дүниеге келген Наджарян өзінің футболдан біржола алыстамайтынын да жеткізді. Оның айтуынша, болашақта спортқа басқа рөлде оралуы әбден мүмкін.
"Мүмкін, футболға демеуші ретінде қайта келермін. Кейбір жағдалар мені футболшы ретіндегі мансабымды аяқтауға мәжбүр етті." – деді ол Legalbet.kz порталына берген сұхбатында.
Айта кетсек Геворг тек Қазақстан жастар құрамасында ғана емес Қазақстан ұлттық құрамасындада доп тепкен.
Мансабын Қарағандылық “Шахтёрда” бастаған ол кейіннен “Астана”, “Атырау” және Арменияның "Пюник”, “Ван” командаларының жейдесін киді.
Біздің серіктес: FONBET