Жарнама
Жарнама

"Қайрат" пен құрама қаһарманы? Темірлан Анарбеков кешегі ойыннан кейін бірінші нөмірлі қақпашы болуы тиіс

05.09.2025, 10:20

Қазақстан құрамасының қақпасын алғаш рет қорғаған Темірлан Анарбеков Астанада өткен Уэльске қарсы ойында (0:1) ел намысын абыроймен қорғады.

Жарнама
Жарнама

Ойын барысында ол бірнеше қауіпті сәтте қақпасын сейвтермен құтқарып, жанкүйерлердің қолдауына ие болды. Бір эпизодта қарсыластың шабуылын тойтару кезінде жарақат алғанымен, дәрігерлердің көмегінен соң қайта орнынан тұрып, матчты толық аяқтады.

Матчтан кейін Анарбеков өз әсерімен бөлісті:

“Маған сенім артқан бапкерлерге алғыс айтамын. Жарақат болғаны рас, сәл ауырсындым. Дәрігерлер көмектесті. Ойынға жүз пайыз дайын болдым. Бұл дебют мен үшін қуаныш қана емес, үлкен жауапкершілік те болды. Ойынға біз жеңеміз, гол жібермейміз деген ниетпен шықтық.” – деді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров