Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының экс-бапкері румыниялық клубтан кетті

Румыниялық “Сепси” командасы Бернд Шторкпен қош айтысқанын хабарлады, деп жазады Kazfootballkz.

Жарнама
Жарнама

61 жастағы неміс маманы “Сепси” командасының тізгінін өткен жылдың қыс айында ұстаған болатын. Оның баптауында клуб 32 ойында 10 жеңіс, 8 рет тең ойнап, 12 рет жеңілді.

Осы маусымда “Сепси” 8-тур қорытындысы бойынша турнирлік кестеде 8 ұпаймен 12 орында келеді. 

Еске салсақ, Бернд 2008 бен 2011 жылдар аралығында Қазақстанда жұмыс атқарды. Неміс маманы клубтық деңгейде “Алма-Ата” және “Цесна”, Қазақстанның (U-19, U-21) жастар командасын және Ұлттық құраманы баптады. 

Айта кетейік, “Сепси” командасы өткен жылы “Ақтөбенің” Конференция Лигасындағы қарсыласы атанған еді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: