ҚПЛ бірнеше ұжымда өнер көрсеткен шабуылшы Алексей Щеткин СКА Ростов-На-Дону медиа-клубының сапын толықтырды.
33 жастағы ойыншы кәсіби футболда 2009 жылдан бері бақ сынап келеді. Мансабын “Жетісуда” бастаған Алексей 2020 жылға дейін Премьер-лигада “Тараз”, “Ақтөбе”, “Тобыл”, “Ордабасы” және “Астана” клубтарының намысын қорғады. Бір жылдық үзілістен кейін шабуылшы “Ротор” және “Кубань” ұжымдарында доп теуіп тәжірибесін Ресейде арттырды. Араға тағы біраз уақыт демалыстан кейін Щеткин 10 тамыз күні СКА клубымен келісімге келді.
Щеткин ел құрамасында 2013 жылдың тамыз айында дебют жасады. 33 жастағы ойыншы Қазақстан үшін жалпы алғанда 38 кездесу өткізіп, 3 гол соқты.
Трансфермаркет порталы Алексейді 100 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET