Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының футболшылары «Ахматқа» ауысады

29.04.2024, 14:24

Бүгін Астанада ҚФФ Президенті Әділет Бәрменқұлов пен Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевтің қатысуымен үлкен баспасөз-мәслихаты өтті. Жиында біраз мәселе көтерілген болатын. Соның бірі - Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» клубының бірлесіп жұмыс істеуіне арналды.

Магомед Адиев пен Әділет Барменқұлов
Жарнама
Жарнама

Дәлірек айтсақ, алдағы уақытта Ұлттық құраманың ойыншылары Грозныйлық командада өнер көрсетпек. Осы мәселе жөнінде Магомед Адиевтің өзі бастама көтерген сыңайлы. Қазақстан футбол федерациясының басшылығы да қолдау көрсетіп, енді болашақта құраманың ойыншылары РПЛ-де доп теппек. Бізге келіп жеткен ақпаратқа сенсек, «Ахматқа» баратындардың тізімі де дайын екен. Ол тізімді Адиевтің өзі жасаған көрінеді. Айта кетейік, баспасөз-мәслихатында ҚФФ Президенті Ә.Бәрменқұлов құраманың бас бапкеріне қос қызметті қатар алып жүруге мүмкіндіктің берілетінін жеткізген болатын. Естеріңізде болса, 5-ші сәуірден бері «Ахматтың» бас бапкері қызметін атқарып келе жатқан М.Адиев Грозныйлық клубты 14-ші орыннан 10-сатыға дейін көтерді.        

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров