Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының футболшысы Ресейлік клубтың ең қымбат ойыншысы атанды

17.08.2025, 17:00

"CIES Football Observatory" орталығы Ресей Премьер лигасындағы әр клубтың ең қымбат футболшыларының тізімін жариялады.

Жарнама
Жарнама

"Ахматтың” ең қымбат ойыншысы болып Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов танылды. Оның құны 3,9–4,5 миллион еуро аралығында бағаланған. 

Өткен маусымда Максим Самородов "Ахмат” сапында барлық турнирлерде 32 матч өткізіп, 8 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Ал жаңа маусымда әзірге 6 ойынға қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров