Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Самат Отарбаев Қазақ футболының басты мәселесіне назар аударды.
Қазір Қытайда (Шыңжаң) қақпашылардың бапкері болып жүрген маман сондай-ақ Қазақстан мен аспан асты елінің инфрақұрылмын салыстырған болатын.
«Қытайда инфрақұрылым қатты дамыған. Үрімжінің өзінде үш керемет стадион бар — біреуі 35 мың адамдық, жаңа, табиғи көгал, бірақ бос, үсті шаң басып тұр. Жаттығу базасында үш алаң бар: екеуі табиғи, біреуі жасанды. Қытайда осындай ареналар толып жатыр. Мемлекет футболға үлкен қаржы құюда — тек ойыншыларға емес, инфрақұрылымға да. Қазақстанда инфрақұрылым жоқ болса да, футболымыз бір қадам алда. Бірақ Қытай бізге жақындап келеді. Бізде жылдар бойы ақша шетелдік ойыншылардың жалақысына кетті, ал инфрақұрылымға дұрыс назар бөлінбеді. Нәтижесінде мемлекет қанша қаражат бөлсе де, үлкен өзгеріс көрінбеді. Қызылордада жаңа стадион салынды. Қар жоқтың қасы, табиғи көгал үшін идеал аймақ. Сонда неге жасанды төсеніш төсейді? Исландияның өзі табиғи алаңда ойнайды. Жасанды көгал арзан, күтімі аз деп ойлайды - бірақ бұл үнемдеу жарақаттарды көбейтеді. Тіпті, Астананың өзінде табиғи алаң орнатуға болады, жылытқыштар арқылы күтім жасайтын елдер қаншама», - деді С. Отарбаев «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.
Самат Отарбаев «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» жейдесінде өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET