Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қорғаушысы Еркін Тапалов 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтар туралы пікірін айтты.
«Біз жаңа басшылықпен алдағы матчтарға жоспарлы дайындықты бастаймыз. Барлығы сәтті өтіп, жарақатсыз болатынына үміттенемін. Бұған дейін де Әли Ханалиевич Әлиевпен жұмыс істегенмін, сондықтан оның талаптарын өте жақсы білемін. Алда қиын кездесулер күтіп тұр деп ойлаймын. Қалай болғанда да, біз қонақта ойнаймыз және ешкім бізге ұпайды жай ғана сыйлай салмайды», - деді 31-жастағы қорғаушы.
Айта кетейік, Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің аясынадағы бірінші матчында сырт алаңда қос кездесу өткізеді – 22-наурызда Уэльспен, одан кейін Лихтенштейнмен шеберлік байқаспақ.
Біздің серіктес: FONBET