Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Атырау» жейдесін киюге жақын

Бүгін, 16:05

Бізге белгілі болғандай, Қуаныш Қалмұратов «Атырау» жейдесін киюге жақын.

Қуаныш Қалмұратов
Жарнама
Жарнама

Сенімді дереккөздің инсайдтық ақпараты бойынша, 29 жастағы қорғаушы мен «мұнайшылар» келісімге келген, қазір тараптар трансфердің соңғы детальдарын талқылап жатқан ұқсайды. Айта кетейік, Қуаныш «Атырау» клубының түлегі саналады. Осыған дейін туған командасының сапында әр жылдары бірнеше жемісті маусым өткізіп келген. Сондай-ақ, мансабында «Қайсар», «Тұран» және «Тараз» сапында доп тепкен. Соңғы клубы қызылордалық «Қайсар». Қорғаушы былтыр «дала қасқырларының» сапында ҚПЛ-де 25 кездесуде өнер көрсеткен болатын. Жалпы, соңғы екі маусымды «Қайсар» сапында өткізді. Бұдан бөлек, Қазақстан U 19, Қазақстан U 21 жейдесінде алаңға шықты. Футболшының нарықтық бағасы 250 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров