Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қорғаушысы ауыр жарақат алды

25.09.2025, 15:00

Қостанайда өткен Қазақстан Премьер лигасының кейінге шегерілген 9-тур ойынында “Тобыл” “Ордабасыны” 1:0 есебімен жеңді. 

Жарнама
Жарнама

Жеңіс голын ойынның 14-минутында Ислам Чесноков пенальтиден соқты. Бұл оның маусымдағы 9-шы голы.

“Ордабасы” қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев қарапайым әуе допына талас кезінде әріптесі Наурызбек Жагоровпен соқтығысып, сәтсіз жерге құлады. Ойыншы қатты ауырсынғаны соншалық, оның айқайы тікелей эфирде анық естілді. Жақсыбаев алаңнан зембілмен әкетілді.

30 жастағы Жақсыбаев Ұлттық құрама сапында өткен жылдың күзінде Австрияға қарсы ойында дебют жасап, биыл Уэльс және Бельгия құрамаларына қарсы кездесулерде алаңға шыққан еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров