Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының мысын басқан Румыниялық ардагер ҚПЛ-ге келмейтін болды

Бүгін, 10:30

Қазақстандық клубтардың бірі Румыния құрамасының бұрынғы ойыншысы, жартылай қорғаушы Константин Будескуға қызығушылық танытқанымен тараптар арасындағы келіссөздер сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Legalbet.kz сайтының мәліметінше Анталияда жеке жаттығу жиынын өткізіп жатқан 37 жастағы футболшыға ҚПЛ клубтарының бірі ұсыныс тастаған. Бірақ екі тарап ортақ мәмілеге келе алмады.

Будеску 2025 жылдың қараша айында Румынияның екінші лигасының "Тунари” клубынан кеткеннен бері еркін агент ретінде жүр.

Transfermarkt порталы тәжірибелі футболшының құнын қазіргі таңда 1,05 миллион еуроға бағалап отыр.

Константин Будеску отандық жанкүйерлердің есінде 2017 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі арқылы қалды. Сол кезде Румыния құрамасы Қазақстанды 3:1 есебімен жеңіп, Будеску біздің қақпаға екі гол соққан болатын.

Ардагер футболшы мансабында Румынияның жетекші клубтарынан бөлек, Қытай және Сауд Арабиясы біріншіліктерінде бақ сынаған.

Осылайша, Қазақстан чемпионатына тағы бір тәжірибелі легионердің келуі мүмкіндігі жойылды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров