Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік клубқа ауысуы мүмкін

17.12.2024, 08:30

Беларусь біріншілігінің үздік сұрмергені Оралхан Өміртаев Ресейдің Бірінші лигасына баруы ықтимал.

Оралхан Өміртаев "БАТЭ" сапында
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы «Вне игры» телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын. 

Қазақстандық шабуылшыға ресейлік клубтар тарапынан қызығушылық бар. Сондай-ақ, ҚПЛ-дің бірқатар топ-клубы да «БАТЭ» шабуылшысын өзінің қатарынан көргісі келеді делінген. 

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев маусымды «Слуцкте» бастап, борисовтік клубта жалғастырды. 2024-жылы отандасымыз Беларусь чемпионатында 29 кездесуге қатысып, барлық турнирлерде 10 доп салып, 1 голдық пас шығарған. Өміртаевтың «БАТЭМЕН» келісімшарты 31-желтоқсанда аяқталады. 

Шабуылшы ұлттық команда жейдесін алғаш 2018-жылы киген еді. Содан бері Қазақстан сапында бес бәсекеде өнер көрсетіп, 1 гол салған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров