Армения құрамасының шабуылшысы әрі Қазақстан Премьер лигасының бұрынғы ойыншысы Тигран Барсегян халықаралық деңгейдегі ойындарын тоқтататынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Елімізде "Астана” және "Қайсар” сапында өнер көрсетіп, жанкүйерлердің ықыласына бөленген футболшы бұл шешімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Барсегян ұлттық құрама сапында өткізген жылдары өзі үшін үлкен мәртебе болғанын атап өтті:
"Қымбатты жанкүйерлер, мен Армения ұлттық құрамасындағы мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Көптеген жылдар бойы еліміздің намысын қорғап, құрама жейдесін кию мен үшін зор жауапкершілік әрі мақтаныш болды.” — деп жазды футболшы.
Сондай-ақ, ол өзімен бірге жұмыс істеген барлық мамандарға ризашылығын білдірді.
Тигран бұдан былай Армения құрамасын жасыл алаңда емес, трибунада отырып жанкүйер ретінде қолдайтынын жеткізіп, командаға жарқын жеңістер тіледі.
32 жасар ол қазіргі таңда Словакияның “Слован Братислава” клубының намысын қорғайды.
Біздің серіктес: FONBET