Астанада өткен Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы жауапты ойында жергілікті «Жеңіс» пен қостанайлық «Тобыл» кездесті.
Нәтижесінде командалар 1:1 есебімен тең түсті.
65-минутта Исламбек Қуат алыстан соққы жасап, алаң иелерін алға шығарған еді. Алайда 87-минутта бұрыштама добынан кейін Егор Хвалько есепті теңестірді.
Алғашқы ойында «Тобыл» 2:1 есебімен жеңіске жеткендіктен, екі кездесудің қорытындысы бойынша (3:2) финалға жолдама алды.
Шешуші матчта қостанайлық клуб шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.
Айта кетейік, қос клуб 2023 жылдың финалында да жолығып, Ислам Чесноковтың жалғыз голының арқасында «Тобыл» чемпион атанған еді.
Біздің серіктес: FONBET