Жарнама
Жарнама

Қазақстан кубогының финалын кім қадағалайды?

02.10.2025, 14:00

Қазақстан футбол федерациясының төрелік ету және инспекция департаменті 2025 жылғы Қазақстан кубогының финалдық матчын жүргізетін төрешілерді тағайындады.

Sven Wolfensberger
Жарнама
Жарнама

Футбол жанкүйерлері асыға күтіп отырған шешуші бәсеке ("Ордабасы” - "Тобыл") 4 қазан күні Қызылордадағы жаңа "Қайсар Арена” стадионында өтеді. Ойын кешкі 19:00-де басталмақ.

Бұл жолы ел кубогының финалына халықаралық деңгейдегі қазылар шақырылып отыр. Басты төреші қызметін Швейцария өкілі Свен Вольфенсбергер атқарады. Оған көмекші ретінде отандастары — Стефан Де Альмейда мен Йонас Эрни көмек көрсетеді.

Видео-қайта қарау жүйесіне (VAR) де Швейцариялық маман тағайындалды, ол Йоханнес фон Мандах. Ал қосалқы AVAR төрешісі ретінде Астанадан Арман Исмуратов жұмыс істейді. Қосалқы (резерв) төреші міндетін Көкшетаудан келген Данил Горда атқарады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров