Қазақстан әлем чемпионатының топтық кезеңін ірі есеппен аяқтады

21.09.2024, 19:13

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы Жаңа Зеландияны 10-0 есебімен ойсырата жеңді. 

Осылайша отандастарымыз топтық кезеңдегі ойындарын қорытындылап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал топта Испания жеңімпаз атанды. Испандықтар соңғы матчта Ливия қақпасына жауапсыз 8 гол соғып, айқын басымдықпен ұтты.