Жарнама
Жарнама

Қазақстан әлемдік футбол рейтингінде құлдырады

09.09.2025, 21:31

Футболдан Әли Әлиев баптайтын ұлттық құрамамыз 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қос жеңілістен кейін әлемдік рейтингте тағы да төмендеді.

Жарнама
Жарнама

Футболшыларымыз қыркүйек айында Уэльс (0:1) және Бельгия (0:6) құрамаларына есе жіберіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігін төмендетіп алған еді. Әсіресе Бельгия жеріндегі ірі жеңілістен кейін бас бапкер Әли Әлиев отставкаға кететіндігі жайлы мәлімдеме жасады.

Осы орайда онлайн Football-ranking.com сайты Қазақстан құрамасы 114-орыннан 116-орынға төмендегенін көрсеткен.

Ал Орталық Азия елдерінің көрсеткіштеріне назар аударсақ, Өзбекстан – 54-орын, Қырғызстан – 104-орын, Тәжікстан – 105-орын, Түркіменстан – 138-орында тұр.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: