Жарнама
Жарнама

Қазақстан мен Ресейдің қашан кездесетіні анықталды

Бүгін, 14:13

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ресеймен жолдастық кездесудің мүмкіндіктері жайлы әңгімеге нүкте қойды.

Станислав Черчесов
Жарнама
Жарнама

«Ең маңыздысынан бастайықшы, 2026-жылғы Әлем біріншілігінің жеребесі тартылмайынша біз әлі қарсыластарымыздың кімдер болатынын және олармен қашан кездесу өткізетінімізді білмейміз. Сондықтан, Ресей құрамасы сол жеребеден кейінгі мүмкін қарсыластарымызға стилистика тұрғысынан ұқсай ма жоқ па ол жағы да әзірше беймәлім. Одан кейін жолдастық кездесу өткізетін терезелердің болатынын-болмайтынын да білмейміз. Бұған қоса, қателеспесем федерацияның коммерция және спорт тұрғысынан тиімді бірнеше нұсқасы бар. Қазір солардың қайсысы тиімді болатыны таразыланып жатыр»,- деген болатын С. Черчесов. 

Айта кетейік, Станислав Черчесов Ресей құрамасын 2016-2021 жылы тізгіндеген. Осы жылдың маусымынан Қазақстан құрамасын жаттықтыруда. Ресейлік маман ұлттық команданы Ұлттар Лигасындағы төрт кездесуге бастап шықты. Қазақстан әзірше В лигасындағы өз тобында Аустрия, Норвегия және Словениядан кейін соңғы төртінші орынға жайғасқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров