Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер лигасы : 17-тур қорытындысы және маусымға жалпы сараптамасы

14.07.2026, 14:59

Қазақстан Премьер лигасының 17-туры жанкүйерлер үшін күтпеген нәтижелер мен қызықты матчтарға толы болды. Турдың басты сенсациясы — кестесінің көшбасшысы “Ордабасының” алғаш рет жеңіліске ұшырауы, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Төменде осы турдың ойындарына және лиганың қазіргі жағдайына толық шолу ұсынылады.

17-тур ойындарына сараптама

Өткен турдың нәтижелері турнир кестесінің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі тартысты одан әрі шиеленістіре түсті:

– “Каспий” 3:2 “Ордабасы” : Бұл турдың басты тосынсыйы болды. Маусым бойы жеңілмей келген Шымкенттік “Ордабасы” Қызылордада ұтылып, биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісін алды. Бұл нәтиже “Қайратқа” чемпиондық жарыста көшбасшыға жақындауға мүмкіндік берді.

– “Астана” 3:2 «Ақтөбе” : Турдың орталық матчтарының бірінде “Астана” өз алаңында маңызды жеңіске жетіп, 29 ұпаймен үшінші орындағы позициясын нығайтты.

– “Тобыл” 3:1 “Оқжетпес” : Қостанайлық клуб сенімді жеңіске жетіп, турнир кестесінің орта тұсына жақындады, ал “Оқжетпес” төртінші орында қалғанымен, көшбасшылардан қалып келеді. 

– “Ұлытау” 1:0 “Қайсар” : “Ұлытау” командасы өз алаңында минималды есеппен жеңіске жетіп, 26 ұпаймен 6-орынға көтерілді.

– “Ертіс” 0:1 “Жеңіс” және “Жетісу” 0:1 “Алтай” : Қонақта жеңіске жеткен “Жеңіс” пен “Алтай” өз жағдайларын біршама түзеп алды. “Ертіс” 11 ұпаймен турнир кестесінің ең соңында қалып отыр.

Турнир кестесі және көшбасшылар

17-турдан кейін “Ордабасы” 40 ұпаймен әлі де көшбасшы, бірақ екінші орындағы “Қайраттың” 39 ұпайы бар, айта кетерлігі, “Қайрат” бір ойын артық өткізген. Үздік үштікті 29 ұпаймен “Астана” түйіндеп тұр. 

Сұрмергендер:

– Жорже Габриель Да Коста Монтейро (“Қайрат”) — 8 гол 

– Роман Мұртазаев (“Елімай”) — 8 гол

– Дастан Сәтпаев (“Қайрат”) & Жасұлан Әмір (“Ордабасы” — 7 гол 

Ассистенттер:

Асхат Балтабеков (“Жетісу”), Бауыржан Исламхан (“Астана”), Жорже Габриель Да Коста Монтейро (“Қайрат”), Ойва Юккола (“Қайрат”), Эдмилсон (“Қайрат”) және Владислав Васильев (“Оқжетпес”) 4 нәтижелі паспен көш бастап тұр.

Қақпашылар:

“Қайрат” қақпашысы Темірлан Анарбеков 9 құрғақ матчпен үздік нәтиже көрсетуде. Екінші орында 8 құрғақ матч өткізген Бекхан Шайзада (“Ордабасы”). 

Лиганың жалпы дамуына сараптама

2026 жылғы маусым Қазақстан футболының айтарлықтай өскенін көрсететін статистикалық көрсеткіштермен ерекшеленеді:

1.  Көрермен қызығушылығы: Жалпы көрермен саны 833 986-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 34.2%-ға артқан. Тікелей трансляцияларды көру көрсеткіші 114%-ға өсіп, 6 миллионнан асты. 

2.  Жастарға сенім: Лига айтарлықтай

жасарған. Ойыншылардың орташа жасы 27.5-тен 25.4-ке дейін төмендеген. Бұл — клубтардың жас таланттарға көбірек көңіл бөле бастағанының белгісі.

3. Тәртіп: Ойын сапасы мен тәртіп жақсарған. Сары қағаздар саны 7.4%-ға, ал қызыл қағаздар саны 39.7%-ға азайған. Фолдар саны да кеми түскен. 

4.  Нәтижелілік: Орташа есеппен бір матчта 2.26 гол соғылуда, бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл төмен (2.46 болған), бірақ ойынның тартыстылығы мен қорғаныстың күшейгенін білдіреді. 

Тұтастай алғанда, ҚПЛ-2026 маусымы сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріліп, көрермен үшін тартымдырақ бола түскенін байқауға болады. Чемпиондық атақ пен турнир кестесіндегі орындар үшін күрес алдағы турларда бұдан да қыза түспек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров