2026 жылдың басынан бері клубсыз жүрген Амир Мохаммад “Қайсарға” ауысады деген ақпарат бар.
Латераль соңғы рет “Балтика” ұжымында доп тепті. Екі маусымда 29 жастағы Амир 39 матч өткізіп, 3 гол мен 3 голдық пас берді.
2013 жылдан бері кәсіби футбол төңірегінде жүрген Мохаммад өз мансабында тек ресейлік командаларда ойнаған. Атап айтсақ, “Квазар”, “Анжи”, “Махачкала”, “Легион”, “Красный”, “Авангард”, “Химки”, “Камаз”. Мәселен, Амир 2025 жылы “Балтикамен”, 2024 жылы Мәскеу түбіндегі “Химкимен” Ресейдің Бірінші Лигасында жеңімпаз атанған.
Естеріңізде болса, “Қайсар” осы трансферлік ауысымда “Boom” жасап, қаптал вингерлері Томас Джонс пен Виктор Мозесті клубқа тартты.
Біздің серіктес: FONBET