Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасында шілде айының үздік футболшысы белгілі болды

19.08.2025, 16:14

Кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясы футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы шілде айының үздік ойыншысы мен үздік бапкерін жариялады.

Жарнама
Жарнама

Үздік ойыншы болып «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев танылды. Ол маусым басынан бері төрт мәрте айдың ойыншысы атанып, тұрақты түрде нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүр.

Дастан шілде айында Премьер-лигада үш матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берген. Ал Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде төрт матч ойнап, екі гол соғып, екі нәтижелі пас шығарған.

Айта кетейік, наурыз айында «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев пен «Астана» клубының хорватиялық ойыншысы Марин Томасовпен бірге үздік ойыншы атанған еді. Одан кейін сәуір және мамыр айларында Дастан Сәтпаев жеке-дара үздік болған. Маусым айында Қостанайдың «Тобыл» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноков үздік деп танылды.

Айдың үздік бапкері атағын «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин иеленді. 

Оның бапкерлігімен «Қайрат» Премьер-лигада шілде айында үш матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті және бір ойын тең аяқталды. Чемпиондар лигасында «Олимпия» (Словения) және КуПС (Финляндия) клубтарының екі матчтың қорытындысы бойынша қапы қалдырды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: