Қазақстан Премьер-лигасындағы “Атыраудың” кездесуі кейінге шегерілді

Қос тараптың келісімі бойынша ҚПЛ “Атырау” мен “Астана” арасындағы 17-тур кездесуі кейін ойнатылады. 

14 тамыз күні елордалық команда румыниялық “Корвинул” клубын Алматыда қабылдайды. Алғашқы ойында 1 доп айырмасымен жеңіске жеткен ұжымның бар назары қарымта кездесуде екені анық. Команданың Премьер-лигадағы кездесуінің кейінге шегерілуі ойыншылардың қайта қалыпқа келуімен байланысты болуы мүмкін. 

“Атырау” командасы өз кезегінде матчты шегеруге келісімін беріп, елорда футболшыларына қарымта кездесуде сәттілік тіледі.   

Аталған ұжымдар Премьер-лиганың 9-турында жолдары түйіскен. Мұнайлы өлкеде өткен ойында “Атырау” Сигневич соққан жалғыз голдың арқасында олжалы болған еді.