9 тамызда Қазақстан Премьер-лигасының 20-турының алғашқы матчтары өтті. Сондай-ақ бұл тур қазақ футболына да ерекше жайт сыйлады.
«Оқжетпес» шабуылшысы Дәурен Жұмат «Жетісу» командасына қарсы өз алаңында пенальтиден гол соғып, сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты. Оның есебінде 10 гол бар (олардың бесеуі пенальтиден).
Екінші орында «Астана» легионері Назми Грипши тұр. Ол 9 рет гол соққан (оның 4-еуі пенальтиден).
8 голы бар ойыншылар қатарында екі футболшы тіркелген. Олар: «Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов және «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев.
20-турдың алғашқы ойын күнінен кейінгі толық сұрмергендер тізімі былайша:
10 — Дәурен Жұмат («Оқжетпес», 5 пенальти),
9 — Назми Грипши («Астана», 4),
8 — Марин Томасов («Астана», 1),
Дастан Сатпаев («Қайрат»),
7 — Ислам Чесноков («Тобыл», 1),
Жоржинью («Қайрат»),
6 — Айбар Жақсылықов («Қайсар», 4),
Николай Сигневич («Тобыл»),
Жайро Жан («Ақтөбе», 1),
Джеффри Чинеду («Астана»),
Усман Камара («Астана»).
Айта кетейік, отандық футболда ұзақ жылдар бойы өзіміздің ойыншылар 10 гол соға алмай жүрген еді. Тек 2024 жылы ғана бұл межеге Ислам Чесноков (10 гол) жетіп, Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергені атағын иеленген еді. Енді биыл сол көрсеткіш тағы да жаңарғалы тұр.
Біздің серіктес: FONBET