Жарнама
Жарнама

Қазақстан телеарналары клубтар арасындағы әлем чемпионатын көрсетеді

12.06.2025, 20:28

2025 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ-та өтетін футболдан клубтық әлем чемпионатын қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей тамашалай алады.

Жарнама
Жарнама

Биылғы турнирге әлемнің ең мықты 32 клубы қатысады. Олар 8 топқа бөлінген. Әр топтан 2 командадан плей-офф кезеңіне өтеді. Қатысушы клубтар арасында еуропалық алыптар «Реал Мадрид», «ПСЖ», «Манчестер Сити» және «Бавария» бар.

Чемпионаттың жүлде қоры – 1 миллиард доллар. Оның ішінде 125 миллион доллар жеңімпаз командаға табысталады. Қалған сома жарыс нәтижесіне қарай өзге клубтарға бөлінетін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: