Жарнама
Жарнама

Қазақстан топты осындай орында аяқтай ма? Македониялық маман ерекше болжам айтты

09.06.2025, 15:46

Солүстік Македонияның бұрынғы бас бапкері Джокица Хаджиевский Қазақстан құрамасы өнер көрсететін іріктеу тобына қатысты пікірімен бөлісті.

Қазақстан құрамасының жаттығуы
Жарнама
Жарнама

Македониялық маманның айтуынша Қазақстанның топта екінші орын алатын мүмкіндігі бар.   

«Біздің топтан кейбір тосынсыйлар күтемін. Онда Бельгия фаворит. Бұл компанияда солар үздік болады деп күтемін. Ал екінші орынға Лихтенштейннен басқа барлық команда таласа алады. Уэльс, Македония мен Қазақстан – осы командалардың барлығының екінші орын үшін таласта тосынсый жасайтын мүмкіндіктері бар. Меніңше, мұндағы талас топтық кезең мәреге жеткенде ғана шешіледі», - деді Д. Хаджиевский.

Қазақстан іріктеу турнирінің J тобында екі турдан кейін 3 ұпаймен үшінші орында келеді. Бүгін Әли Әлиев жаттықтыратын қазақстандық команда Солтүстік Македонияны қабылдамақ. Бұл бәсеке кешкі 20:00-де басталады.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров