Қазақстан Түркменстанды жеңді

14.03.2024, 23:21

Дубайда Қазақстан мен Түркменстан Ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Грекияға дайындық аясында өткен матчта біздің жігіттер жауапсыз екі гол салған.

Нәтижелі соққылардың авторлары Ислам Чесноков (2 минут) пен Александр Зуев (47 минут) болатын. Алдын ала айтылғандай, бұл бәсеке жабық түрде өткізілді.

Айта кетейік, наурыздың 21 нен 22 не қараған түні Магомед Адиевтің командасы сырт алаңда Грекиямен жолығады. Бұл ойында басым түскен ұжым Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен Германияда өтетін Еуропа біріншілігінің жолдамасын сарапқа салады.