Жарнама
Жарнама

Жаңа бапкер Қазақстан U-21 Еуроға шығара ала ма? Жастардың жігері мықты!

09.11.2025, 17:52

Қазақстан U-21 жастар құрамасының қорғаушысы Рамазан Кәрімов Словакия мен Молдова командаларына қарсы матч пен жаңа бас бапкердің дайындығы туралы ойымен бөлісті.

Қазақстан - Англия жастар құрамасының кездесуі
Жарнама
Жарнама

Естеріңізге салсақ, жастар командасын алдағы екі матчқа Андрей Ферапаонтов бастап шығады. Оған тағы бір отандық маман Елдос Ахметов көмектеседі.   

«Словакияға қарсы ойынға да, қалғандарына дайындалғандай дайындық жүргізіп жатырмыз. Бізге жаңа бапкер келген, сондықтан оның философиясы мен ойын жоспарларымен танысудамыз. Дайындық жақсы деңгейде өтуде әрі жаңа схемаларды меңгеріп, 3 қорғаушымен ойын мәнеріне бейімделіп жатырмыз. Молдоваға қарсы кездесуге жанкүйер көп келетін шығар деп ойлаймын. Топтан шығатын жақсы мүмкінігіміз бар және жанкүйерлер қолдауы қосымша күш сыйлайтыны анық. Үйдегі ойын әрдайым ерекше мотивация береді», - деді Р. Кәрімов ҚФФ баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде D тобында 3 ойыннан кейін 3 ұпаймен алты команданың ішінде 5-орынға жайғасуда. Андрей Ферапонтов жаттықтыратын команда 13-қарашада Словакиямен сырт алаңда және 17-қарашада Молдовамен өз алаңында ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров