Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі братиславалық «Слованды» жеңуі жаңартылған УЕФА рейтингісіне де әсерін тигізді.
Еурокубоктағы қазақстандық клубтардың өнер көрсетуінің арқасында еліміздің УЕФА коэффициенттер кестесіндегі орны жақсарды. 7 тамыздағы соңғы рейтинг жаңартуы бойынша, Қазақстан 37-орынға көтеріліп, Босния және Герцеговина мен Косоводан озып кетті.
Бұл жетістікке негізгі үлесті алматылық «Қайраттың» өз алаңында «Слованды» 1:0 есебімен жеңуі қосты. Бұл нәтиже ел қоржынына қосымша ұпай әкеліп, 2025/26 маусымдағы жалпы коэффициентті 1.625-ке жеткізді.
Қазір Қазақстанның рейтингтегі ұпайы – 11.750. «Қайраттан» бөлек, турнирге астаналық «Астана» да қатысуда. Олар швейцариялық «Лозаннамен» кездесіп, сырт алаңда 1:3 есебімен ұтылды.
Біздің серіктес: FONBET