“Химки” командасының қорғаушы Лев Скворцов Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсететін клубтан кетпейтін болды. Бұл жайлы ойыншының агенті Дмитрий Селюк хабарлады, деп жазады Аладоп.кз.
Осы маусымда қорғаушы Химки үшін 15 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Трансфермаркет порталы Скворцовты 300 мың еуроға бағалайды.
“Лев “Химкиден” кетпейді. Оның бұл ұжымдағы келісімшарты жазға дейін жарамды. Скворцовтың қазіргі мақсаты “қызыл-қаралардың” РПЛ жолдама алуына көмектесу. Қалғанын уақыт келгенде көре жатармыз”, - деді агент Дмитрий Селюк.
“Химки” Бірінші лиганың 20-тур қорытындысы бойынша 36 ұпай жинап, турнирлік кестенің екінші орнында келеді.
Лев өткен жылдан бері ел құрамасына тұрақты түрде шақыртылып келеді.
Біздің серіктес: FONBET