Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндейтін азаматтардың есімі белгілі болды

ҚФФ бапкерлік қызметке үш азаматты қарастырып отыр екен.

Жарнама
Жарнама

Олар: Михал Пробеж (Польша), Масимо Карера (Италия), Олоф Андресон (Швеция).

ҚФФ осы мамандармен қазірде келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

Ян Олоф Андресон 2016 мен 2023 жылдар аралығында Швеция құрамасында қызмет жасады. Бапкер ретінде 63 жастағы маман “Норчеппинг” командасымен Швеция чемпионатын жеңіп алған. Михал Пробеж болса, 2023 пен 2025 жылдар аралығында Польша құрамасын жаттықтырды. 53 жастағы маман 2010 жылы Польшаның ең үздік бапкері марапатын жеңген. Ал соңғы кандидат Масимо Карера соңғы рет бір жыл бұрын итальяндық “Асколиде” қызмет жасады. Бұл бапкерді футбол қауымы мәскеулік “Спартакпен” байланыстырады. Себебі, итальяндық маман жаттықтырушы мансабындағы жетістігінің басым бөлігін осы командамен жүріп жеткен. 

Әзірге бас бапкер нақтыланғанша, ел құрамасын қазан айындағы ойындарына Талғат Байсуфинов бастап шығады. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: