Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Талдықорғанға қайтып оралды

Тәжірибелі қорғаушы Асхат Балтабеков Қайрат Нұрдәулетов командасына шақыртылды.

Жарнама
Жарнама

“Жетісу” ФК түлегі араға бір жыл салып, клубқа қайта оралды. Асхат өткен маусымды Жеңіс сапында өткізіп, барлық турнирлерде 28 кездесу өткізіп, 1 гол мен 3 голдық пас берді.

Жалпы Балтабеков мансабының басым бөлігін өзінің туған жерінде өткізген. Кей маусымдарда ғана ЦСКА Алматы мен “Қыран” ұжымдарында өнер көрсетіп қайтты.

Айта кетейік, 32 жастағы сол қаптал қорғаушы 2024 жылы ел құрамасында дебют жасап, қос ойында алаңға шығуға мүмкіндік алды. 

Еске салсақ, осыған дейін “Жетісу” Балтабеков секілді Талдықорған түлегі Нұрбол Нұрбергенді де клубқа қайтарды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: