Қазақстанның U17 құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Хорватияны 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстандықтардың екі голын Ислам Рахым және Расул Әкімов соқты, ал Хорваттар сапынан Юрай Фриган көзге түсті.
Бұл ойын Қазақстан футболының жас буыны үшін ерекше маңызды жеңіс болды. Қарсылас – дәстүрі мықты, Еуропадағы ең тұрақты академиялық жүйелердің бірі саналатын Хорватия құрамасы. Соған қарамастан, біздің жігіттер ерік-жігер танытып, матчты өз пайдасына бұра алды.
Біздің серіктес: FONBET