Бұл жолы 21-жасқа дейінгі жастарымыз словакиялық құрдастарынан есе жіберді.
Словакияның солтүстік-шығысында орналасқан Прешов қаласында өткен кездесудің басы жақсы басталып еді. Біздің жастар Рамазан Бағдат көсегімен есепті бірінші болып ашты. Алайда Словакия “Тренчин” ойыншысы Адриан Фиаланың қос бірдей голымен ойын тағдырын түбегейлі өзгертіп кетті.
Бұған дейін ел құрамасы Еуро 21 іріктеуінде Андоррадан 1:0 есебімен жеңіліп ұятқа қалып еді. Ол кезде команданы Денис Мамонов жаттықтырған.
Қазірде Қазақстан жастар ұжымы турнир аясында жинаған 3 ұпайымен іріктеудің Д-тобында 6 команданың ішінде 5 орында келеді. Әлі командамыздың алда 6 кездесуі бар. Жақын деген ойын 17 қараша күні Молдоваға қарсы Астанада өтеді деп жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET