Жарнама
Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпиондарына қарсы қандай құрамды жинады?

25.08.2025, 20:13

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Англия U-21 құрамасына қарсы өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Жарнама
Жарнама

Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады. Құрамға 24 ойыншы енді. Естеріңізге сала кетейік, Англия құрамасы осы жазда ғана жастар арасындағы Еуропа чемпионы атанған болатын. Қос команданың өткен тарихына көз жүгіртсек, 2015 және 2016 жылдары қос ел екі мәрте жолығып, Англия (3:0, 1:0) басым түскен еді.

Қақпашылар: Нұралы Нұрғалиев («Шахтер»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания), Әбілқайыр Алиакбар («Алтай»);

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»),Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ertis»);

Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – «Ertis»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Шахтер»), Рамазан Бағдат («Қайрат»);

Қосалқы құрам: Мирас Рихард, Мұхаммед Еңсебаев (екеуі де – «Ertis»), Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»), Александр Мигунов («Шахтер»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Жансұлтан Мұхаметханов, Мирас Оматай (екеуі де – «Жетісу»), Дархан Бердібек («Жеңіс»);

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Андорра жастар құрамасын 1:0 есебімен ұтып, жеңіспен бастады

Іріктеу турнирінің екінші матчын Денис Мамоновтың шәкірттері 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Англия жастар құрамасына қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: