Қазақстанның жастар құрамасы (U-19) Slovenia Nations Cup-2025 халықаралық турниріндегі алғашқы ойынын сенімді жеңіспен бастады. Отандастарымыз БАӘ құрамасын 5:1 есебімен тізе бүктірді.
Матчтың 1-минутында Қазақстандықтар есеп ашып, 37-минутқа қарай айырмашылықты 4:0-ге жеткізді. Үзілістен кейін, 51-минутта бесінші гол соғылып, жеңіс тағдыры толық шешілді. Ал қарсыластардың жалғыз голы 85-минутта ғана тіркелді.
Кирилл Кекердің шәкірттері осы айқын жеңістің арқасында турнир кестесінде көш бастады және басты жүлде үшін күреске айқын үміткер екенін көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET