Қазақстанның жастар құрамасы (U21) Ташкентте өткен жолдастық кездесуде Өзбекстан жастарынан 1:3 есебімен ұтылды.
Кездесу өте белсенді басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы минуттардан-ақ қарсыластың қақпасына қысым жасап, нәтижесінде 8-минутта есеп ашты. Али Тұрғанов құрамаға алғашқы голды сыйлады (0:1).
Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. Бар болғаны бес минуттан соң Өзбек жастары есепті теңестірді. Абдугофур Хайдаров 13-минутта көзге түсті (1:1). Ойынның қарқыны бәсеңдемей, 35-минутта сол Хайдаров дубль авторы атанып, Өзбекстан алға шықты (2:1).
Екінші таймда Қазақстандықтар тараза басыр теңестіруге тырысқанымен, тағы да Өзбек командасына гол соқты. 53-минутта Асылбек Жумаев нәтижелі соққымен есепті 3:1 етіп түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET