U-21 Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамонов Англиямен өткен ойынды қортындылап, шәкірттерінің өнерін бағалады.
Кеше біздің команда Ақтөбеде 0:2 есебімен есе жіберді. Бұл 2027-жылғы Еуроға іріктеу аясындағы матч болатын.
«Біз матчты белсенді бастап, допты бақылауда ұстадық. Жылдам шабуылдап, осындай азулы қарсыласқа қарсы тегеурін таныта алатынымызды сезіндік. Жалпы айтқанда, үзіліске дейін ағылшындар ширақ көрініп, өздерінің ойынын ойнаған болатын. Бізге қиын болды, соның кесірінен стандартты жағдайдан гол жібердік. Оның бетін қайтаруға да болар еді. Бірақ ең бастысы футболшылар өздерінің психологиялық тұрғыда мықты бола алатынын білді, сенімділіктері артты. Кез-келген қарсыласпен ойнауға болатынын түсінді», - деді Д. Мамонов ҚФФ-ның ресми сайтына берген сұқбатында.
Қазақстан жастар құрамасы келесі кездесуін 9-қазанда Андорраға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET