Жарнама
Жарнама

Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады

Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті.

Жарнама
Жарнама

Шарада AUYLSPORT жобасының ауылдық аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі мен маңызы, алдағы жоспарлар және өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық ақпарат ұсынылды. Жобаны «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы таныстырды.

Таныстырылымға еліміздің спорт саласындағы мақтанышы, танымал спортшылар, Қазақстан бокс федерациясының президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов пен Азия чемпиондары қатысты.

AUYLSPORT жобасының негізгі мақсаты ауылдық балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту, ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жаңа дағдыларды үйрету. Атап өту керек, жоба аясында 6 спорт түрін қамтуды көзделуде. Олар бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат.

«Елдегі спорт саласындағы жетістіктерді, көрсеткіштерді олимпиада ойындарымен байланыстыратынымыз жасырын емес. Олимпиада жүлдегерлерінің басым көпшілігі ауылдан шыққан спортшылар екен. «Халық» қайырымдылық қоры #АуылФутбол жобасын қолдау барысында кездескен мәселелерді назарға ала отырып және ауылдық елді мекендерде футбол ғана емес басқа да спорт түрлерін дамытуға үлес қосу үшін #АуылСпорт жобасын қолға алды. Жоба аясында еліміздің барлық өңіріен 6 спорт түрі бойынша 12 мыңға жуық ауыл баласын қамту көзделуде», - деп атап өтті шарада «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров