Бельгия құрамасы 2010 жылдан бері Әлем чемпионаты іріктеулерінде жеңілмей келеді.
2014 жылдан бері Бельгия құрамасы Әлем чемпионатының 3 іріктеу кезеңін көрді. Және сол кішігірім турнирлердің барлық кездесулерінде қарсыластарына жеңілмеді. Мәселен, қызыл сойқандар 2014 жылғы іріктеуде 10 матчтың 8 жеңді, 2 тең ойнады. Келесі Ресейде өткен Әлем чемпионаты алдындағы іріктеуде Роберто Мартинес шәкірттері 10 матчтың 9 жеңді және 1 тең ойнады. Соңғы өткен Катарда мундиаль алды турнирінде “қызыл сойқандар” 8 матч ойнап, соның 6 жеңіп, 2 қарсыласымен тең тарқасты.
Құрама биылда іріктеуде іркелмей қалудың жағдайын қарастыруда. Қазірдің өзінде команда 3 матч өткізіп, 2 жеңіп, 1 тең ойнады. 6 маусым күні Скопьеде өткен ойында алаң қонақтары Солтүстік Македонияны жеңе алмады. Сөйтіп, сырт жерден 1:1 есебімен оралды.
Қазақстанға дейін Руди Гарсия шәкірттері қос кездесуін 3 ұпайлық көрсеткішпен аяқтады. Соңғы ойында тіпті Лихтенштейнге 6 жауапсыз гол соқты. Сол себептен, бүгін кездесуде біздің жігіттерге оңай болмасы анық. Қарқын алған бельгиялықтар бір оталса, қарсыласын қапы қалдырмай қоймайтыны бар.
Біздің серіктес: FONBET